6
Ала жіпті аттама
жұмыскер-жұмыс беруші, дос-жаран, туған-туыс, көрші-
көлем, ерлі-зайыптылардың ақылары, кедейлердің
байлардағы ақылары, жетімнің ақысы деп бөліп-бөліп
көрсеткен. Кітапты оқып отырған адам бейне бір мына
өмірді тұнып тұрған жауапкершілік ретінде көреді.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
да әрқайсыларың
қарамағыңдағылардан сұраласыңдар демеді ме? Автор
осы хадиске сүйеніп құқық ұғымын тағы тарқата түседі.
Мұсылманның мұсылмандағы ақысы деп қаламын жай
ғана сүйкей салмай, мемлекет ақысының үлкендігін,
парақорлықтың күнә екенін, халықтың көз жасына
қалған адамның екі дүниеде де бақытты болмайты-
нын тағы да баяндай түседі. Дәл осы тақырыпшалар
қазіргі қоғам үшін өте қажетті сабақ дер едік. Өйткені
белгілі бір ұжымды басқару мен мемлекет тарапынан
іс жүргізу біле-білген адамға үлкен жауапкершілік
жүктейді. Тақырыптарды оқып отырған оқырман
мансаптың жетістік емес, жауапкершілік, артықшылық
емес, ауыртпалық екенін көреді. Алда-жалда шариғатқа
томпақтау тиетін қадамға барса, тұтас халықтың ақысын
арқалайтынын бағамдай түседі.
Кісі ақысының көп сақтала бермейтін бір жері сау-
да ісі. Автор бұл жерді де назардан тыс қалдырмаған.
Саудадағы алдап-сулаудан бастап, пайыз, ұрлық, құмар
ойын сынды мәселелерге қатысты аят-хадисті алдыңызға
табақтай тартады. Кісі ақысы осылайша талданып келіп,
жанама түрі де келтіріледі. Уәдеде тұру, қоршаған ортаға
зиян келтірмеу, тіпті ысырап етпеу керек екені сөз бо-
лады.
Нағыз мұсылман қолындағы бар байлығы мен
мүмкіндігін Аллаһтың бергені деп түсініп, оның ақысын
береді. Оның ақысын беру дегеніміз – Аллаһтың разы