9
Кіріспе
Адамзат баласы жаралғалы бері пайда болған
барлық дінде мына бес нәрсе қымбат саналған: әуелгісі
– дін, екінші – ақыл, үшінші – ұрпақ, төртінші – жан,
бесінші – мүлік. Адам баласының жаратылысынан
бар бұл құндылықтарды иләһи діндердің қай-қайсысы
болмасын қорғауды басты міндет деп білген. Ендеше,
ғасыр табалдырығында ел болып бесігімізді түзеп, етек-
жеңімізді жинасақ деген жұртымыз дініне шөліркегенде
шөлін басып, алдындағы белес белдердей болған иләһи
қағидаларды айналып өтуі мүмкін емес.
Діни сенімжәне ар-ождан бостандығы – адамдардың
рухани қажеттілігін өтеуіне, өз сенімін таңдауына, оқып-
үйрену мен ғұрыптықшараларды атқару құқықтарын іске
асыру кепілдігіне ие. Жөні мен арнасын таба алмаған,
сөз бостандығы тимеген, не мемлекеттік мүдде, не дін
тұрғысынан діңгекті сенім ұстанбаған жұрттың ендігі
жай-күйінен өзгеше үдеріс, ерекше толқыныс күту оғаш
көрінетін сықылды. Сондықтан да ақыл-ой, сөз еркіндігі
адами құндылықтарды сақтауға, өз көзқарасын ашып
айту құқын қамтамасыз етуге бағытталған. Мұнымен не
айтқымызкеледі?Дүрбелеңгетолыдүниедеимандылыққа
үйіріп, адамгершілік құндылықтарға жүгіндіретін, жан-
ды жылытып, көкірек көзін ашатын ақиқаттың қайнар
бұлағы - Ислам әлеміне күллі жұртшылықтың аңсары
ауа бастағаны анық көрінді. Себебі, азғындықтың ар-
бауына түскен адамзат баласының иләһи ақиқатқа деген
қажеттілігі күн санап біліне бастады. Сондықтан да,