13
Ала жіпті аттама
діни шарттарға келгенде табанымыздың жиі таятыны
жасырын емес. Ендеше, осындай келеңсіздіктерден
аулақ жүруге үндейтін, ұлттық нақышы айқын, дәйекті
еңбектердің кешенді түрде кеңінен насихатталуы Ислам
дінінің өркендеуіне қосылған үлес деп білеміз.
Бұл еңбек тікелей Аллаһ тағала мен пайғамбарымыз
Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тарапынан жеткізілген тый-
ымдар мен әмірлерден құралған. Аллаһ пен елшісі
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
айқындаған заңдар жүйесі кісі ақысының
ауқымын құрайды. Мүминге тән жауапкершілік пен өмір
сүргісі келетін әркімнің бұл құқықтарға мұқияттылық
танытқаны абзал.
Қысқасы, қазынасын ішіне бүккен Құран
қағидаларымен басталып, ізгіліктің, мейірімділіктің,
ибалықтың туын желбіретуді көксеген бұл еңбек
қалың оқырман қауымның көңілінен шығады деген
үміттеміз.