Previous Page  12 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 216 Next Page
Page Background

12

Ала жіпті аттама

адамзаттың мойнындағы Аллаһ тағаланың құқы болып

табылады.

Хазірет Алидің (р.а.) айтуынша, діндес бауырла-

рымызбен, сондай-ақ өзімізбен терезесі тең мұсылман

еместермен де тату-тәтті өмір сүру, адамзатқа тән ортақ

құқықтарға адал қарау кісі ақысына деген құрмет бо-

лып табылады. Кісінің Аллаһ алдындағы құқын орын-

дауы мүліктік және жақсы амал мен ғибадат арқылы

іске асады. Демек, мұсылманның ғибадаты мен іс-

әрекеттері - адамзаттың ортақ ақысы және Аллаһ алдын-

да атқарылуы тиіс міндеті. Сондықтан кез келген пенде

өмір сүру дағдысында аталған екі құқықты тіршіліктің

басты қағидасы деп тануы шарт. Мұндайда:

Айтқан сөзге түспеген,

Жаман емей немене?

Сұрағанда бермеген,

Сараң емей немене?

Кісі ақысын көп жеген,

Арам емей немене?

Іштегі сыр Аллаһқа мағлұм,

Сыртындағы құлығы

Амал емей немене?! – деп үлкен жолдың үлкен

сөзіндей болған Бұқар бабамыздың ғақлия жырлары

ойға оралары сөзсіз. Әл-ауқат, байлық, тоқшылық

жақсы шығар, дегенмен жан бағу емес, ішіңдегі «жан-

ды» сақтау, рухани тұрғыдан жұтаңдыққа түспеу одан

да қайырлы екенін ұмытпаған жөн. Бұрынғы заман

қандай, қазіргі заман қандай? Жаһанданудың біз зерде-

леп үлгермеген заңдылықтары мен ережелері қаншама?!

Сондықтан осындай күрделі кезеңде өзгенің арына қол

сұғып, қол сұққанда да мол сұғып, жаһанды жалпағынан

басым жүрсем дейтін пасық пейілдің парқына жетпей,