Previous Page  15 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 216 Next Page
Page Background

15

І Бөлім

ҚҰҚЫҚ ТҮРЛЕРІ

Кісі ақысының Ислам

дініндегі орны

Исламда адам құқықтарына баса мән берілген

және адам құқықтарының сақталуына барынша жағдай

жасалған. Аллаһ тағала Құран кәрімде былай дейді:

«Бір-біріңнің малыңды нақақтан-нақақ жемеңдер.

Сондай-ақ, адамдардың малының бір бөлігін негізсіз

жейтіндеріңді біле тұра, билерге пара беруге

тырыспаңдар»

(«Бақара» сүресі, 188-аят).

Келесі бір аятта:

«Уа, мүминдер, күмәнның көбінен

сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі - күнә. Бір-

біріңнің құпияларыңдыжария етпеңдер, біреуді біреу

ғайбаттамасын. Өлген туыстарыңның етін жегенді

қалайсыңдар ма? Әрине, оны жек көресіңдер. Расын-

да Аллаһ тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді»

,

– делінген («Хужурат» сүресі, 12-аят).

Қалай болғанда да адамдардың құқығын аяқ асты

етіп, оларды жәбірлегендер қиянатшылдар санаты-

на жатқызылған. Құран кәрімнің көптеген аяттарын-

да мұндай кесапаттардан сақтандырып, оларды жан

түршігерлік азап күтетінін жеткізген:

«Шынында

адамдарға әділетсіздікжасапжер бетінде кесірлігімен

шектен шыққандардың жауапқа тартылуы лазым.