10
Ала жіпті аттама
мына дүниеде хақ жолдан айнымас үшін неден арылып,
неден қорынбақ жөн, нені ұстанып, нені мақсат тұтқан
ләзім? Көкейде көксеген осы сұрақтардың жауабын
қолыңыздағы кітаптан таба аласыз. Бұл еңбектің негізгі
мазмұны кісі ақысы төңірегінде өрбиді. Бүгінгі таңда
елімізде діни әдебиеттің қарасы молайып, азды-көпті
еңбектер жарыққа шыққанымен, кісі ақысы турасында
келелі еңбек жазыла қойған жоқ.
Алты бөлімнен тұратын бұл кітап құқық түрлері, кісі
ақысының ислам дініндегі орны, қоғамдық ортадағы кісі
ақысы, мұсылманның бір-біріндегі ақысы, сауда ісіндегі
кісі ақысы турасындағы мағлұматтарды кеңінен қамтуда.
Кітаптың мәлімет көзі араб, түрік әдебиеттерінен бастау
алғанын, әсіресе кәдемізге жараған осы саладағы бірден-
бір жүйелі еңбектердің Мұхаммед ибн Абдуссәламның
«әл-Хуқуқ фил-Ислам» (Дарул-мәшайық, Талибия, 2008)
еңбегі мен Ахмет Керем Севердің «Кул хаккы» (Ышык
йайынлары, 2009) кітаптары болғанын тарапымыздан
ескертіп өтпекпіз.
Исламның көкжиегіненшапағат күтетін көзі қарақты
оқырмандардың Исламның мұрасына, Құранның
құнарына ұмтылуы да - осы орайда түсінікті талпыныс.
Имандылыққа, кісі ақысын жемеуге, адам құқықтарын
табан астында таптамауға шақыратын ақыл толғамы Ис-
ламмен астасқан бұл еңбек «мен мұсылманмын» деген
әр жанның қолында жүрмегі ләзім.
Сонымен кітаптың әлқиссасы кісі ақысымен ба-
сталады дедік. Кісі ақысы дегеніміз – адамзатқа ортақ,
заңсыз қол сұғуға болмайтын мүліктік және мүліктік
емес құндылықтар мен игіліктер және жеке тұлғаның
басқа адамдар алдындағы міндеттерін белгілеуші өлшемі
болып табылады.