5
Ала жіпті аттама
дегендер - соның көрінісі. Кісі ақысына қатысты Құран
аяттары мен пайғамбар хадистерінің бір шоғырының
өзі - байыбына бара білген кісі үшін заң ғылымы мен
мораль, пәлсапа мен әлеуметтанудың том-том кітабына
негіз боларлық құндылықтар.
Бүгінгі мұсылмандардың бет-бейнесі қандай болуы
керек? Кітап осы сұраққа аят пен хадисті ұштастыра от-
ырып дәлме-дәл жауап беруді мақсат тұтады. Кітаптың
негізгі тұшымды ойы «мұсылман - өзгелерге қолымен
де, аузымен де зиян келтірмеген адам» деген хадиске
саяды.
Баласын«ешкімніңалажібінаттама»дептәрбиелеген
атам қазақ қай уақытта болмасын кісі ақысына үлкен
мән берген. Қабан жыраудан бастап Құлтумаға дейін,
Бұқар жыраудан бастап кешегі Мәшһүр Жүсіп,
Әбубәкір Кердеріұлы, Дулат Бабатайұлы мен Шортан-
бай Қанайұлына дейінгі қазақтың маңдайына біткен
даналардың сөзінен имандылық пен адамгершіліктің
нұры саулай ағып тұрғанын байқайсыз. Бұл да кітаптың
тақырып аясын аша түскендей. Онымен қоса кітаптың
тағы бір ерекшелігі, оқырманға ой салу үшін және аят
пен хадисте айтылған ойдың өміршеңдігін ұқтыру
мақсатында арасында шағын діни әңгімелердің көрініс
табуы. Ғибраты мол қиссалар кітаптың тұздығы
іспетті.
Кітап «Ала жіпті аттама» деп аталғанымен
қамтылатын тақырыптары төмендегіше болып келеді.
Тақырыпқа кірместен бұрын құқық деген ұғымға
жан-жақты түсінік беріліп, Ислам тұрғысынан мәні
айшықталады. Бұл тұста автор жалпы айтып кетпей
Аллаһ тағаланың алдындағы міндеттер, мұсылман
үмбетінің ақысы, ата-ана ақысы, шәкірт-ұстаз,