4
Ала жіпті аттама
Бұл еңбекті шығарудағы мақсат – жұрт арасындағы
кісі ақысының қорғалуына назар аудартып, Исламның
бұл тақырыпқа қатысты әмірлерінен халықты хабардар
ету. Жаһандануға қадам басқан жалпақ жұрттың тамы-
рын дөп басатын бұл кітаптың маңыздылығы жоғары
десек, артық айтпағандығымыз болар. Өйткені адам
баласы Ислам діні негізінде тура жолға түседі. Небір
қоғам індетін тек Құран ақиқаты ғана түп-тамырымен
жоя алады. Адам баласы жаратушы Иемізден имене
отырып қана ақыретке кісі ақысын арқалап барудың
алдын алады.
Шыны керек, бүгінгі таңда елімізде мұндай еңбектер
жоқтың қасы. Кітаптың маңыздылығы да сонда шығар.
Еңбекті жазу барысында негізінен араб, түрік әдебиеттері
пайдаланылған. Себебі жоғарыда айтқанымыздай бүгінге
дейін дәл осы тақырыптар төңірегінде ана тілімізде ис-
лами еңбектер жарыққа шыға қойған жоқ. Сол себепті
мұсылман ғұламаларының бірнеше жылдар бұрын
жазған еңбектерін қажетімізге жаратуды жөн көрдік. Кісі
ақысы туралы кітапта жан-жақты талқыланатындықтан,
«құқық» ұғымын Құран мен Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
нұсқауы бойынша белгіленген заңдар жүйесі
негізінде адам баласына ортақ қарым-қатынаста, іс-
әрекетінде сақталуға тиіс ортақ адамгершілік өлшемдер
деп айтсақ қателеспейміз.
Діннің қоғамдағы бір қызметі – құндылықтарды
жеткізуі. Дін тек қана Аллаға ғибадат ету мен мына
дүниеде сауап жинау ғана емес. Діннің осы дүниелік
пайдалары - елдің кемел жарастығының сақталуы мен
жаратылыстың парасатындай болған әділеттің орнауы.
Адамдар арасын жарастыру, байлардың кедейлерге
қарайласуы, ата-анаға қарсы шықпау, басшыға бағыну