3
Аңдатпа
Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзаттың ең
бірінші байлығы өзінің жеке құқы болған. Қоғамның
бір мүшесі ретінде барлық адам баласы осы дүниеде
белгілі бір құқыққа ие, өзінің өмірден алатын өлшемді
ақысы бар. Адам құқының қорғалуы бүгінгі күннің ба-
сты мәселесі десек қателеспеген болар едік.
Ислам дінін ұстанған еліміздің Конституциясы да
«Қазақстан Республикасы өзін – демократиялық, за-
йырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бас-
талып, алдыменен адам құқының қорғалуына мән береді.
Ендеше, қасиетті Құран жолын өмірінің негізі етіп, Ата
заңына бағынатын иманды азаматтар қоғамымызда кісі
ақысының аяққа тапталуына жол бермеуі тиіс. Бүгінгі
таңда елімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен
қалтаны қалыңдатар парақорлыққа қарсы мемлекеттік
дәрежеде күрес жүргізіліп жатқаны баршамызға аян.
Бұл өз кезегінде мұсылманмын деген адамға да үлкен
жауапкершілік жүктейді. Адам құқығын қорғауда
бұрын-соңды Ислам дініндегідей кешенді жүйе өмірге
келген емес. Осы орайда қоғамда әділдіктің орнауына
Ислам дінінің қосар үлесі орасан зор.