7
Ала жіпті аттама
болар ісіне қолданып, мұсылмандардың игілігіне ұсыну.
Мұндай мысалдарды білімнің ақысы, жүрген жол мен
тұрған жердің ақысы, уақыттың ақысы деп көрсетеді.
Кітапта адамзат ақысына қатысты тек тыйым-
дар ғана айтылып қоймай, кісі құқын бұзып алған
жағдайда не істеу керек екені де аят-хадистерден алы-
нып алдыңызға тартылған. Алдыменен кешірім сұрап,
ол кісінің разылығын алу керек екені, тек онымен шек-
темей Аллаһқа тәубе ету керектігі сөз болады. Бұл жер-
де өзгеге ақысы кеткен адамның ақысын алуға құқылы
болғанымен, шама келгенше кешіре білгені жөн дейді.
Аллаһ тек кешірімді құлдарына кешірім етпек. Оның
үстіне Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мұсылман
мұсылманға үш күннен артық кек сақтамайды дегені
бар. Біреудің кемшін тұсын бетіне салық қылмай, шама
келгенше көз жұма қараудың абзал екені айтылады.
Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығы қарсаңында
жарыққашығып отырған бұл кітап тек руханиятымыздың
ғана емес, ой еркіндігі салтанат құрған демократиялы
қоғамымыздың да жетістігі деуге толық негіз бар.
Лайым дініміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Баспадан