Previous Page  17 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 216 Next Page
Page Background

17

Құқық түрлері

қиямет күні намазы, оразасы және зекетімен қоса

ананы тілдегені, мынаған жала жапқаны, біреудің

малын жегені, біреудің қанын мойнына жүктегені,

біреуді ұрып-соққаны тағы бар, көп-көп күнә арқалап

келген адам. Сонда ол істегенін мойнымен көтереді,

сауаптары зардап шеккендерге таратылады. Ал са-

уабы жетпесе, әлгілердің күнәларын арқалап тозаққа

лақтырылатын болады»

3

, – деген.

Тағы бірде:

«Қиямет күні кісі ақысы өз иелеріне

қайтарылады. Керек десең, сүзеген қойдан мүйізі жоқ

тоқал қойдың есесі алынады»

4

, – деп ескертті.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

дүниеден

озарының алдында мешітке келіп сахабаларын жинап,

бұйымтайын айтты: «Уа, ағайын! Мен енді орталарыңда

көп жүрмеймін. Мінекей, кімге қолым тиген болса,

арқам дайын, келсін де мені қамшымен ұрсын. Кімнің

мал-мүлкін жеген болсам, келсін де менен қарымтасын

алсын. Кімнің арына, абыройына тіл тигізсем, келсін

де мені тілдеп өшін алсын. Мен дұшпандық қылады-

ау деп тартынбасын. Әсілі, мен үшін осы күндердегі

құрметті адам менен ақысын талап еткен, не болма-

са, мені кешірген кісі болмақ. Сонда көңілім тыныш,

алаңсыз Раббымның құзырына баратын боламын».

Тыңдап тұрғандардың біреуі: «Уа, Аллаһтың

елшісі! Сенде үш дирхам алашағым бар еді», – деген-

де, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

оған не үшін

қарыз болғанын сұрайды. Әлгі кісі: «Есіңде жоқ па, бір

қайыршыға сен «бер» деген соң үш дирхам беріп едім

ғой», – деді. Аллаһ елшісі немере інісі Фазылға әлгі

3

Мүслим. Бирр 60; Тирмизи. Қиямет 2; Ахмед ибн Ханбәл. Әл-

Мүснәд 2/303, 334, 372.

4

Мүслим. Бирр 60.