25
Құқық түрлері
керек. Тек осылай еткенде ғана, кісі ақысы өтелетінін
ұмытпаған абзал.
3. Жеке өмірдің құпиялылығы
Адамдардың бір-бірінен күдіктенуден, кем-кетігін
іздеп, айыбын ашып салуға дайын тұратын нашар
мінездерден тыятын
15
, үйге тек рұқсат алып, сәлем бере
кіруді әмір ететін аяттар
16
мен хадистер
17
адамның жеке
өміріне қол сұғуға болмайтындығын көрсетеді. Сөзі сы-
пайы, мінезі биязы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
адамдарды сыртынан өсектеп, жеке өмірін жария етуді
қатты сынға алған және Аллаһ тағаланың ондай адам-
дарды қиямет күні қор қылатынын ескерткен
18
.
Біреудің алдына бару үшін әрі кеткенде үш мәрте
рұқсат сұрау керектігін айтқан Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
мұсылманның мұсылмандағы маңызды
ақыларының бірі - қарсы тараптың мақұлдауынсыз
оның жеке өміріне килікпеу екенін үмбетіне шегелеп
тапсырған
19
.
Қазіргі таңда адамдардың жеке өмірінен хабар
беретін мәліметтерге еркін қол жеткізуге болады. Те-
ледидар, ғаламтор және басқа да бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы шімірікпей жеке бас құқығына
нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату көптеп кездеседі.
Мұны жариялылық деп қабылдаудың жөні жоқ. Өйткені,
бұл - жоғарыда айтылған нашар қылықтың нақ өзі. Жай
қызығушылық пен мұндай деректерге көз жүгірту де
ол адам туралы жаман ойдың қалыптасуына, ол ту-
15
«Хужурат» сүресі, 9-аят.
16
«Нұр» сүресі, 27-28 аяттар.
17
Бұхари. Әдеп 60; Мүслим. Бирр 72, Зухд 52.
18
Мүснәд 4/421.
19
Мұхаммед ибн Абдиссалам. Әл-Хуқуқ фил-Ислам 91.