26
Ала жіпті аттама
ралы дақпырттың қаулауына себепші болары анық.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Ғайбат айтылған
жерде тұрмаңдар, ғайбатты тыйыңдар» деуі бекер бол-
маса керек.
4. Дін мен ар-ұждан бостандығы
Сенім мен иман - адам баласының басты байлығы.
Адам дінге сенсе де, сенбесе де өз еркінде. Бұл тұрғыда
ешбір шек қойылмаған. Біз бұл жолдарда дін және ар-
ұждан бостандығы деп, Құдайға құлшылық ету, діни
жоралғыларды орындау бостандығын сөз етіп отыр-
мыз.
Ислам тарихына көз жүгіртсек, мүминдердің ар-
ұждан бостандығы жолында арпалысқан күрестің өте
көп екенін көреміз. Алысқа бармай-ақ қояйық, күні кеше
Кеңестің құдайсыз саясаты күшіне мініп тұрғанда, ата-
әжелеріміздің тығылып намаз оқығанын бәріміз білеміз.
Дінді апиын деп түсіндіріп, момын елдің құлшылық қылу
құқығын шектеген коммунистік идеология Аллаһтың
хақ жолын ұстанған алаш арыстарын ескіліктің қалдығы,
халықтың жауы деп абақтыға тоғытты.
Исламның алғашқы кезіндегі мұсылмандарға
жасалған зорлық-зомбылықтың адам төзгісіз болғаны
соншалық, олар ел-жұртын тастап, әуелі екі мәрте құрлық
асып Эфиопияға көшсе, одан кейін Мәдина қаласына
қоныс аударды. Исламға қарсы осындай нәрселер тура-
лы айтылған аяттардың бірінде мұсылмандарға қысым
көрсетушілердің: «
Бұл Құранға құлақ асқандар (Құран
оқығанда) шуылдасып кедергі жасаңдар. Бәлкім сонда
(Мұхаммедке қарсы күресте) жеңіске жетерсіңдер»
деп нұсқау бергені айтылады («Фуссиләт» сүресі, 26-
аят),
9
(«Хаж» сүресі, 72-аят).