Previous Page  32 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 216 Next Page
Page Background

32

Мүліктік, яки мүліктік емес сипаттағы құқық

бұзушылық орын алған жағдайда жасалатын екі амал бар.

Алғашқысы – құқық иесінің құқығын қалпына келтіре

отырып одан ғапу өтіну, ризашылығын алу, екінші –

Аллаһ тағалаға тәубе ету. Аллаһ тағала қалаған құлының

ширктен басқа кез келген күнәсін жарылқайтынын айтса

да («Ниса», 116-аят), адам мен адам арасындағы кісі

ақысын шешуді өздеріне қалдырды.

б) Аллаһ құқы мен кісі ақысы қатар келген

жағдайдағы әділ шешім.

Мұндай жағдай көбіне ақиқат пен жаланың ара-жігі

ашылмаған кезде орын алады. Айталық, кінәсіз адамға

«зина жасады» деп жала жапқанға жаза тағайындау жа-

засы. Бұл бір жағынан алғанда жазықсызды көпе-көрнеу

қаралау, ел ішінде бұзақылық пен бейбастақтықтың

етек алуына себеп болғандықтан, Аллаһ құқы ретінде

танылады, екінші жағынан жекелеген адамдардың ар-

намысы мен қадір-қасиетін мансұқ ету болғандықтан,

кісі ақысына жатады. Бірақ та, Аллаһ құқы кісі ақысынан

басым түсіп жатқандықтан, жәбірленушінің жауапты

адамды жазадан босатуға өкілеттігі жоқ.

в) Екі құқық қатар келгенде кісі ақысы басым

түсетін жағдай.

Әлем елдерінің түкпір-түкпірінде қасақана кісі

өлтірген адамға өлім жазасын кесу заңы бар. Бұл бір

жағынан ең жоғарғы құндылық деңгейіндегі адам өмірін

сақтауға және қоғамда тәртіп пен тыныштық орнатуға

бағытталғаны үшін Аллаһ құқы болып табылса, екінші

жағынан көз жұмған адамның туыстарының ашу-ызасы

мен өштестік сезімін тудырғаны үшін жеке кісі ақысы

болып та есептеледі. Дәм-тұзы таусылған кісінің от-