Previous Page  36 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 216 Next Page
Page Background

36

Ала жіпті аттама

– Егер төлеуге етің болмаса, балтыр етіңнен

кесіп бересің! – деп дікеңдейді.

Бұлар қанша дауласса да келісе алмайды.

Ақырында сол маңдағы бір данышпан биге барып

жүгінуге тура келеді.

Би алдымен түйешіге айтады:

– Әй, балам! Бір түйені мен анадай жерге бай-

лайын, сен қолыңа таяқ алып, сол түйенің көзіне

дәл тигізсең, түйенің көзі түгіл, бүтін түйенің

өзін үкім қылайын. Тигізе алмасаң, өзің жазалы

боласың.

Бұл сөздерді естіген соң, түйеші ойға қалып

дауынан бас тартып кетіп қалады.

Би енді қарттың баласына айтады:

– Шырағым, мен осы адамды (қашқынды)

жардың астына жатқызып қояйын. Сен жарға

шығып, үстіне секір. Егер бар салмағыңмен

қашқынды өлтірсең, өзім-ақ саған әкеңнің құнын

төлейін. Бірақ өлтіре алмасаң, өзің өлесің.

Бұл талапты естігенде қарттың ұлының зәресі

ұшып, құн даулаудан қашады.

Ал енді жалғыз-ақ қайықшы қалды. Данышпан

қайықшыға айтады:

– Мынау адамның балтырынан бір ширек ет

кесіп ал. Бірақ, бір ширектен бір мысқал артық

та, кем де болмасын. Егер артық не кем болса, өз

обалың өзіңе, басыңды аламын.

Мұны естіп қайықшы да қашады.