Previous Page  34 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 216 Next Page
Page Background

34

Ала жіпті аттама

Бізді барлық уақытта Аллаһ тағаланың көріп

тұрғанын және Оның үнемі жанымызда екенін

жүрекпен сезіне білу;

Тақуалық жолында іздену;

Тәуекел ету, Аллаһ тағалаға сүйену, Оған сенім

арту;

Дінде дұрыс бағыт-бағдар ұстану;

Аллаһты құлай сүю және сол үшін қажетті

болғанның бәрін орындау. Ол үшін пайғамбарымыз

Мұхаммедтен

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

үлгі-өнеге алу;

Хауф пен ража, не болмаса Аллаһтан қорқу мен

үміттену. Бұл Аллаһтың азабына ұшырамайтынына

нық сенімде болмау және оның разылығына бөлену

үшін үнемі талпыну болып табылады

25

.

ғ) Пайғамбарымыз Мұхаммедтің

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

үмбетіндегі ақылары

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

үмбетіндегі ақылары мыналар:

Аллаһ елшісіне иман келтіру;

Оны құлай сүю;

Пайғамбарлығын мойындап, әмірлеріне құлақ

асу;

Аллаһ елшісіне салауат және сәлем айту;

Аллаһ елшісі айтпағанды айтты деп жалған мәлімет

бермеу;

Аллаһ елшісін тілдемеу, оның жеке басын және

хадистерін келемеждемеу;

Діни білім іздену;

Сахабаларын жақсы көру;

25

Мұхаммед ибн Абдиссалам. әл-Хуқуқ фил-Ислам. Талибия:

Дару Мәшариқ. 2008. -7-17 б.