33
басы мен туған-туыстарының мүддесіне басымдық
берілгендіктен, бұл қоғамдық тұрғыдағы есе қайтару кісі
ақысы саналған. Осыған орай, құқықты жүзеге асыру не-
месе асырмау еркі, яғни кісі өлтіргенді жазалау, не бол-
маса кешіру еркі өлген кісінің туыстарының шешіміне
қалдырылған
24
.
Жоғарыдағыларға қоса Аллаһ тағаланың, елшісі
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
және басқа барлық
тараптардың құқығын қамтитын да құқықтар бар.
Мәселен, азанда Аллаһ тағаланың құқы тәкбір
айту және оның бір екеніне куәлік білдірумен,
пайғамбарымыз Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ақысы
оның пайғамбарлығына куәлік білдірумен айқындалады.
Басқа құлдардың міндеті оларға намаз уақытының
кіргенін хабар беру және жамағатқа қосылуға шақыру
болса керек.
г) Аллаһтың құлдарындағы ақылары
Аллаһтың құлдарындағы ақылары мыналар:
♦
♦
Аллаһқа иман келтіру. Бұл Аллаһтың бар екеніне,
тұтас ғаламды жаратушы бір ғана өзі екеніне
сену;
♦
♦
Күнә жасағанда тәубеге келу;
♦
♦
Намаз, зекет, ораза және қажылық секілді
парыздарды орындау;
♦
♦
Жақсылық жасауға ұмтылу, игілікті істер жасауда
жарысу. Аллаһтың разылығына бөлену үшін еңбек
ету, талмай іздену;
♦
♦
Тағдырға төзіммен қарап, барға да, жоққа да сабыр
ету;
24
Абдулкерим Зәйдан. Әл-Уажиз фи Усулил Фикх. -62-65 б.; Әл-
Мәусуатул Фикхийе 18/13.