Previous Page  28 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 28 / 216 Next Page
Page Background

28

Ала жіпті аттама

қала берді сахабалардың, игі жақсы мұсылмандардың

бұл қағиданы берік ұстанғандары анық.

Адамдардың ар-ұждан бостандығын шектеу

- Исламдық моральға жат қылық. Құранның

«Уа,

иман еткендер! Аллаһ үшін қолдарыңнан келгенше

туралықты ұстаныңдар, куәгерлік еткенде қара

қылды қақ жарғандай әділ болыңдар. Қандай да бір

қауымға деген өшпенділіктерің (немесе олардың сен-

дерге деген өшпенділігі) сендерді әділетсіздік жасауға

итермелемесін. Әркез әділ болыңдар, тақуалыққа ең

жақыны сол»

деген аяты Исламның басқа құқықтармен

қоса сенім, ар-ұждан бостандығына қысым көрсетуді

құп көрмейтінін көрсетеді («Мәида» сүресі, 8-аят).

Адамныңжекеқұқықтарыжоғарыдаайтылғандармен

шектелмейді. Ел ішінде еркін жүріп-тұру, өз қалауына

сай мекен-жай таңдау, басқа елге қоныс аудару және өз

еліне қайтып оралу, өзін-өзі қорғау құқықтары және сөз

бостандығы, сайлау, заң алдындағы теңдік секілді саяси

құқықтары, меншік құқығы, еңбек, денсаулық сақтау

және дәрігерлік көмек алу, білім алу секілді әлеуметтік

және мәдени мүмкіндіктер де кісі құқығының қатарына

кіреді.

Дәстүрлі ислами еңбектерде адам құқығы бірнеше

түрге жіктелген.

1. Толығымен Аллаһ ақысына жататын нәрселер.

Бұған намаз, ораза, зекет, садақа, бітімге келу

(бітімге келу Ислам мемлекетінің мұсылман емес аза-

маттарымен мүліктік және басқа да қатынастарынан

тұрады) және соғыс жағдайларын қоса алғанда жихад

және қажылық жоралғысы енеді.

2. Толығымен кісі ақысы саналатын нәрселер.

Кісі ақысының өзі төртке бөлінеді: