Previous Page  48 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 216 Next Page
Page Background

48

Ала жіпті аттама

өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында зиянға

ұшырап зардап шеккендер қиямет күні өздерін де,

отбасыларын да зиянға ұшырататындар (яғни өздері

адасып, жақындарын да адастырғандар). Міне, осы

анық кесапатқа ұшырағандық»

(«Зүмәр» сүресі, 15-

аят).

Осы арада отбасы мүшелеріне тікелей қатысты

мұрагерлік құқығының маңызды мәселелерімен кейбір

ережелеріне тоқталғанды жөн көрдік. Исламның

заңдарына сәйкес мұрагерлік өлшемдерінде көрер

жарығы түгесіліп, жиған-тергені артында қалған кісінің

мұрасының берілу тәртібі мейлінше әділ жүргізіледі.

Солай бола тұра, қазіргі зайырлы мемлекеттілік қоғамда

ашықтан-ашық орын алған әділетсіз заң нормалары,

мирасты қарпып қалу, бірге туған бауырлары мен

жақын туыстарының ақысын жеу секілді оқиғалардың

күннен-күнге көбейіп, жайыла беруі бүйірімізден сүңгі

сұққандай қынжылтып қоятыны жасырын емес.

Дінімізде әйел мен бала, мүмкіндігі шектеулі

жұмысшы секілді қоғамның қорғансыз мүшелерінің

құқықтары заңмен барынша қорғалғанымен, оларға

зорлық-зомбылық жасау, ақысын аяқ асты ету фактілері

жиілеп барады. Ер кісілердің жұмысты сылтауратып ата-

анасын бағып, күтуден жалтаруы, соған қарамастан өз

жолын әлдеқашан тапқан ұл балалар мұрадан артық үлес

алуға ұмтылуы жиілегенін көрген сайын, жағамызды

ұстаймыз. Бұл Ислам бекіткен әділеттіліктің негіздеріне

қайшы келеді. Сондықтан, Исламның мүлікті мұраға

қалдыру не болмаса мұраға ие болу тәртібі сынды т.б.

мәселелерді жалпы көпшілікке түсіндіру жұмыстарының

жүргізілгені абзал. Зайырлы мемлекет жағдайында

мұрагерлік мәселесінде Ислам талаптарының сақталуы