93
Қоғамдық ортадағы кісі ақысы
адам денсаулығына жанама әсерлерін жасырып, жарна-
малау да құқық бұзушылық қатарына жатады.
1. Даңғаза музыка қою
Даңғаза әуендер кісінің мінез-құлқы мен психоло-
гиясына, тіпті ағзасына айтарлықтай кері әсер ететіні
белгілі. Қалалы жерде көп қабатты үйлерде өмір сүретін
адамдар бұған баса мән беріп, әсіресе, жұмыстан
шаршап-шалдығып келген тұрғындардың тынығуын
қадағалап, түн ауғанша музыканы даңғырлатып қоюды
доғарғаны дұрыс.
Өндіріс орындарында әртүрлі технологиялық
қондырғылардың шуылын азайтуға мүмкіндік
болмаудың салдарынан шаңырағына титықтап оралған
тұрғынның тынығуға, демалуға арнаған уақытында му-
зыканы дабыл жарғағын жаратындай айқайлатып қою -
қоғамдық тәртіп пен кісі ақысын бұзғандық болып табы-
лады. Әрине, ойын-сауық құрып, көңіл көтеру адамның
өз ықтиярындағы нәрсе, оған ешкім тыйым сала алмай-
ды. Бірақ, құқықтар мен еріктер жүзеге асырылғанда
көпшіліктің мүддесі ескерілетіні, оған ішінара шектеу-
лер қойылатыны әманда есте болғаны жақсы.
2. Темекі
Иләһи діндер мен қолданыстағы құқық жүйесі
адамның жеке басына зиянын тигізетін, сондай-ақ
қоғам өмірінде келеңсіздік тудыратын кез келген іс-
әрекетті айыптайды. Сондай жағымсыз қылықтың бірі
- адамдардың таза ауа жұтуына, еркін тыныс алуына ерік
бермейтін темекі шегу мәселесі.
Темекі шегетіндердің өз денсаулығын бұзып қана
қоймай, айналасындағылардың, отбасы мүшелерінің