Previous Page  97 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 97 / 216 Next Page
Page Background

97

Қоғамдық ортадағы кісі ақысы

саттықпен және басқа да нәрселермен шұғылдануға бол-

майды. Мешіттегі ғибадат жасаушыларды алаңдатпай

тыныштық сақтаған абзал.

Сарымсақ, пияз секілді исі адам жанын жайсыз-

дандыратын нәрселерді жеп мешітке кіруге тыйым

салынғаны хадисте айтылған

101

. Бұдан біз аузымыз-

дан, бойымыздан күлімсі иіс шыққан күйде көпшілік

жиналған жерге бару әдепсіздік екенін білеміз. Хазірет

Омар (р.а.) кезекті жұма құтпасында: «Уа, мұсылмандар,

сендер мына екі исі жағымсыз көкөністі (сарымсақ,

пияз) жейсіңдер. Мен Аллаһ елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мешітте әлдекімнен осылардың исін сезгенде мешіттен

Бақи қабірстанына дейін аулаққа жібергенін көргенмін.

Сондықтан, кім болса да бұлардың өткір исін басу үшін

пісіріп жесін», – деген екен. Ал, бүгінгі таңда көпшіліктің

тынышын кетіретін нәрселер қатары тіпті молая түскен,

олардың қатарында ұялы телефондар, газбен жанатын

оттықтар, темекі, өткір исі бар дәмдеуіштер қосылған

шұжық секілді тағамдар бар.

Кісі көп жүретін жолдарға, көлеңкелі жерлерге, ағын

суға дәрет сындыруға болмайтыны туралы айтылған

хадистер бізге қоғамдық көпшілік орындарда тазалық

сақтаудың қажеттілігін ескертеді

102

.

Көпшіліктің игілігіне ортақ демалыс орындарын,

саябақтарды тұрмыстық қалдықтармен ластағандар онда

серуендеуге, демалуға келгендердің көңілін қалдырып,

құқығын таптайды. Бұлай ету дінімізге, мұсылманның

ахлағына қайшы. Исламдіні мұсылманныңжеке басының

ғана емес, үй-жайы, қора-қопсысы мен айналасының

таза болуына да баса мән берген. Олай болса, мүмин

101

Бұхари. Азан 160, Әтғима 49; Мүслим. Мәсажид 68.

102

Мүслим. Тахарат 68; Әбу Дәуіт. Тахарат 14.