94
Ала жіпті аттама
де ағзасын улайтыны ғылыми тұрғыдан жан-жақты
дәлелденген. Темекі тек жекелеген адамдардың ғана
емес бүкіл халықтың денсаулығына кесірін тигізеді,
онымен күресу көп қажыр-қайрат пен еңбекті талап
етеді. Қоғамдық көпшілік орындарда темекі шегуге тый-
ым салынған. Ысырапты дінімізде харам деп түсіндірсе,
темекіге жұмсалған ақшаның ысырап екені айдан анық.
Темекінің шеккен адамға да, шеккеннің қасында тұрып
түтінге тұншыққан адамға да зиян екенін ескерсек,
шылымға үйір болудың Аллаһ ақысына да, кісі ақысына
да нұқсан келтіру екенін білеміз.
Қоғамның, әлеуметтің биік мүддесін жеке адамның
мүддесіне жыға алмаймыз. Сол секілді қоғамдық
көпшілік орындарды, демалыс аймағын, жолдарды
толықтай немесе ішінара заңсыз иемденуге тыйым
салынған. Мұндайда жер үлесін заңдастыру, жалға беру
сервитут секілді шектеулер қойыла отырып жүргізілуі
мүмкін. Сервитут – бөтеннің мүлкін белгілі бір шекте
пайдалану құқығы, сондай-ақ жер телімін иеленушінің
құқығын заң жүзінде шектеу.
Жеке басының қамын күйттеп айналаға бей-берекет
қалдықтар тастаған, қилы жолдармен қоршаған ортаны
былғаған, қысқаша айтқанда, көпшіліктің ақысын аяқ
асты еткен адамдар үлкен қателікке ұрынуда. Себебі,
бірлі-жарым адамның емес, қалың көпшіліктің құқығын
таптаудың зауалы оңай болмаса керек.
3. Жол бойының ақысы
Мүминге тән қоғамдық этиканың бірі – жол жүру
мен жолай ұшырасқан жүргіншілерге де қатысты өрбиді.
Жолай әңгіме-дүкен құрып отырғандарды көрген
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бұдан тыюдың ама-