95
Қоғамдық ортадағы кісі ақысы
лын ойлап, жол бойына жайғасып отырып әңгіменің
көрігін қыздырғысы келгендерге: «Олай болса, жолдың
ақысын беріңдер» деп ескерткен. Жолдың ақысы не
екенін сұраған сахабаларға
:
«Көзді харамнан сақтау,
халыққа жәбір-жапа шектірмеу, сәлем бергенге жауап
қату, жақсылыққа шақырып жамандықтан тыю, жөн
сұрағанға жол көрсету, жәбір көргенге болысу»
деп
жауап берген екен
99
.
Көзді харамнан сақтау көңілдің байыптылығын да
сақтайды. Жолшыбай өткен-кеткен әйел затына тесіле
қарау отбасындағы, ел ішіндегі бүлінушілікті, іріткіні
тудырады. Төмен етектінің түр-тұлғасына сұқтана назар
салу ойды сан-саққа жүгіртетіндіктен дана халқымыз
«Көз сүзген көрінгенге көңіл – арсыз» деп тыйым сала-
ды. Жүргіншіге, жолаушыға жәбір көрсетпе деген ха-
дис сөзі оларды жолдан бөгеу, ғайбаттау, тілдеу секілді
жағымсыз қылықтардан аулақ болуды меңзеген. Демек,
жолшыбай өткен жолаушыларға назар салу - дінімізде
тыйым салынған құқық бұзушылықтың бір түрі.
Осындай жағымсыз жайттың бірі - жол бойында
тауарын жайып, заңсыз сауда жасап жүргендер. Көше
бойын жайма базарға айналдырғандар жүргіншілер
жолын кес-кестеп, оларды автокөлік жолдарымен,
тротуар жиегімен жүруге итермелейді. Қара базарды
жан бағу, «қара қазан, сары баланың қамы үшін» де-
сек те, ақтап аларлық, құптай қоярлық мәселе емес.
Өйткені, бұл саудагерлер салықтан жалтарғандарымен
қоймай көпшіліктің жолда жүріп-тұруына да қиындық
туғызады.
Жол ақысы туралы сөз қозғалған басқа да хадистер-
де жол жүруге бөгет болған нәрселерді шетке ысыру,
99
Бұхари. Мәзалим 22, Истизан 2; Мүслим. Либас 114.