Previous Page  100 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 216 Next Page
Page Background

100

Ала жіпті аттама

6. Қоғамдық орындарда кезек сақтау

Қазіргі таңда қоғамдық орындарда кезек күту

үйреншікті жағдай. Мұндайда кезек сақтамау да, кезекке

орынсыз килігу ісі де жиі орын алады. Бұл – дағы кісі

ақысын аяқ асты етудің бір түрі. Көлік жүргізуші үшін

алдындағы көлікті орынсыз басып озу құқық бұзушылық

болса, автобус, троллейбусқа кезектегі адамдарды қағып,

соға міну, орынсыз кимелеу де әдепсіздік.

Төлем төлеу үшін банк, почта кассаларында ауру-

хана бөлімшелерінде, дүкенде кезекке тұрғандардың

арасына сыналай кіруге ұмтылу да - өзгелердің құқығын

сыйламау, көргенсіздіктің бір түрі.

7. Авторлық құқықты қорғау

Әрбір ғалымға, мәдениет және өнер адамына,

өнертапқышқа еңбегінің жемісін көруге мүмкіндік

беретін өкілеттілікті «авторлық құқық» деп атай-

ды. Авторлық құқық – шығармашылық қызметтің

ауқымындағы ғылым, әдебиет және өнер туындыларына

беріледі. Жалпы алғанда, авторлық құқық белгілі бір өнер

иесін өз туындысының авторы деп тануға, туындыға қол

сұғушылыққа қарсы әрекет етуге, туындыны жариялауға

немесе жарияламауға мүмкіндік беретін, яғни уақытпен

шектелмейтін жеке құқықтар. Автордың өз туындысын

өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға және

оны пайдалануға бергені үшін сыйақы алуға еркі, яғни

мүлiктiк айрықша құқықтарға ие.

Қазіргі уақытта авторлық құқықты өрескел бұзып,

автордың еңбегін, маңдай термен жеткен жетістігін

өзгенің пайдалануы, әсіресе, музыка, кино туындылары

саласында, кітап шығару ісінде қарақшылықтың кеңінен

етек жайғаны жасырын емес.