Previous Page  101 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 101 / 216 Next Page
Page Background

101

Қоғамдық ортадағы кісі ақысы

Авторлық құқық объектiлерiн, мәселен, аудио-

бейне таспаларды заңсыз пайдалануға, табыс табу

мақсатында контрафактiлiк даналарын дайындауға,

сондай-ақ, контрафактілік дүниелерді сатып алуға

заңмен тыйым салынған, тек заңды түрде сатып алынған

туындыны табыс табу мақсатынсыз бірлі-жарым дана

етiп көшiрмелеуге жол берiледi.

Ислам құқығының азаматтық, сауда айналымының

объектісі болып табылатын игіліктер туралы дәстүрлі

түсінігі мынаған саяды: тауар көзбен көріп қолмен

ұстауға болса - мүлік, ал көзбен көріп, қолмен ұстауға

келмейтін дүниеге тауар ретінде қарауға болмайды. Ис-

лам ғалымдарының дәстүрлі көзқарасы бойынша, кісі

қолында бар кітапты сатуына, сондай-ақ бұл кітаптың

нұсқасын көбейтіп сатуына да жол ашық. Өйткені, бұл

оның меншігіндегі дүниесі, оны қалай кәдеге жаратамын

десе өз қалауы біледі. Ал, авторлық құқық дегеніміз –

абстрактілі дүние болғандықтан, ол сауда-саттықтың

құралы бола алмайды. Оның сипаттамасы барлық тауар

нысанына сәйкес келмейді.

Дегенмен, заманауи Ислам ғалымдары тауар

ұғымының аясын кеңітіп, көзбен көріп қолмен ұстауға

келмейтін рухани игіліктерді де тауарға теңестірген.

Осылайша, туындыны тарату құқығын, өнертабысқа

рұқсатты (патентті) немесе оны қолдануға деген ли-

цензияны басқаларға сатуға рұқсат етілген. Шафиғи

мәзһабында пайда әкелерлік тауар санаған. Мұнда пайда

деп көзбен көріп, қолмен ұстауға келмесе де тиімділігі

бар, иесіне табыс әкелетін мүліктік емес игіліктер сөз

болып отыр. Ислам ынтымақтастығы ұйымына қарасты

Ислам фиқһ академиясының шешімі бойынша, авторлық

және сабақтас құқықтар қорғалуға жатады, зияткерлік