Previous Page  107 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 216 Next Page
Page Background

107

ІV Бөлім

Мұсылманның бір-

біріндегі ақысы

Мұсылманның

бір-біріндегі ақысы

Құқық адамды дінге, нәсілге немесе жынысқа

бөліп-жармайды, ол жалпыға ортақ басты құндылық.

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы деу арқылы

мұсылмандардың өзара қарым-қатынасында сақтауға

тиіс шарттарды айтып отырмыз.

Нағыз мүмин Аллаһқа иманы, ғибадаты, кісі

ақысына мұқият болуы арқылы қара қылды қақ

жарғандай әділ өмір сүруге тиіс. Тіпті, мүмин бауыры

күнә жасағанда өзегі өртенетін, өзінің бас пайдасынан

гөрі өзгені ойлайтын кең жүректі жан болуға ұмтылуы

қажет. Әр мүмин кісі ақысы мансұқ етілетін жағдайға

жол бермеуі тиіс. Мүмин кісі ақысына келгенде екінші

тараптағы мүминнің де мүддесіне, пайдасына оң көзбен

қарауы керек.

Осы бөлімде қозғалатын мәселелерді Имам Ғазали

сынды үлкен Ислам ғалымы «ақы, құқық» мәнінде

қарастырған. Аят пен хадистерде баяндалған бұл заңға

тән жүйені жалпылама мінез-құлық ұстанымдары

ретінде қабылдауға да болады. Бірақ, астарына үңілсек,

бұл жайттардың кісі ақысын мансұқ етуге апаратын