Previous Page  108 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 216 Next Page
Page Background

108

Ала жіпті аттама

факторларға айналу қаупі барын көреміз. Сондықтан,

осы бөлімде баяндалған мәселелерді мүмкіндігінше

кеңінен саралап қараған жөн.

Көрнекті Ислам ғалымы әрі ойшылы Имам Ғазали

мұсылманның мұсылман бауыры алдындағы міндеттерін

былай жеткізеді

104

:

1. Сәлем беру

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадистерінде

«жол жүргеннің ақысы» деп аталған міндеттер қатарында

сәлем беруді айрықша атайды. Тағы бір хадисінде:

«Тіл

қатпай тұрып алдымен сәлем беріңдер»

, – деген

105

.

Сәлемдесуді елге жаюдың қандай игі амал екенін

мына хадистен білеміз. Біреу Аллаһ елшісінен

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

Исламның ең қайырлы қасиеті қайсы деп

сұрағанда, Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) оған: «Қонақасы беру,

танысқа да, бейтанысқа да сәлем беру», – деп жауап

берген»

106

. Дастархан басында отырған қонақтың үй

иесіне дұға еткені дұрыс. Ризығын табуға себепкер

болған жұмыс берушіге де жұмысшы тап солай тілеулес

болуы керек.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жеті нәрсені

жасауға асық болуымызға әмір еткен хадисінде «сәлемді

кеңінен тарату» да ұмыт қалмаған. Мұның жақсы баста-

ма, ізгі амал екенін мына хадистен аңғарамыз:

«Сендер

иман келтірмейінше, жаннатқа бара алмайсыңдар.

Бір-біріңді жақсы көрмейінше, иман келтірген

болмайсыңдар. Бір-біріңе деген құрметті арттыра-

104

Имам Ғазали. Кимя-йы Саадет (Аударған А.Ф. Меян).

7-басылымы. – Стамбул. 1974. Мұндағы тақырып атаулары

Имам Ғазали бірыңғайлаған жүйеге қарап құрастырылған.

105

Тирмизи. Сүнән 5/59, Шихаб, Мүснәд 1/56.

106

Бұхари. Иман 20; Истизан 9, 19; Мүслим. Иман 63.