Previous Page  111 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 216 Next Page
Page Background

111

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

табылмаған қиямет күні өз көлеңкесіне алады. Соның

бірі - бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көріп, Аллаһ үшін кез-

дескен, Аллаһ үшін тарасқан адамдар»

112

.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Аллаһ тағаланың

қиямет күні былай дейтінін айтады: «

Бір-бірін менің

разылығым үшін жақсы көргендер қайда? Көлеңкемнен

басқа ешқандай пана қалмаған бүгін оларды аршымның

саясына паналатамын»

113

.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сәлемдесіп,

амандық-саулық сұрасу мүминдердің тез тіл табысуы-

на сеп болатынын мына хадисте айтады:

«Жанымды

құдіретті уысында ұстаған Аллаһқа ант етейін, сен-

дер иман келтірмей жаннатқа кіре алмайсыңдар. Бір-

біріңді жақсы көрмей толық иманға келмейсіңдер. Өзара

сүйіспеншіліктеріңді арттыратын нәрсені айтайын

ба? Сәлемдесуді араларыңда кеңінен жайыңдар»

114

.

Сәлем – мүминдердің жан сарайын ашатын кілт. Бұл

сиқырлы кілтпен мүмин бауырларының көңілін табады,

бір жағынан сауапқа да кенеледі. Ал, сәлемге салқын

қарау адамдарды тоң-торыстық пен безбүйректікке

алып барады. Сәлемге сараң мұсылман бауырымен

қарым-қатынасын суытады, сөйтіп туыстық ақысына

сын келтіреді.

Әбу Идрис әл-Хаулани айтады: «Шамдағы мешітке

кірген едім. Анадай жерде жүзі шырайлы бір жас жігітті

көрдім. Түрлі тақырыпта пікір таластырған жамағат

соның сөзіне тоқтап, бас иіп отырды. «Бұл кім?» деп

едім, отырғандар: «Муаз ибн Жәбал (р.а.)» деп жауап

қатты.

112

Бұхари. Азан 36, Зекет 16, Риқақ 24; Мүслим. Зекет 91.

113

Мүслим. Бирр 37.

114

Мүслим. Иман 93-94; Тирмизи. Әтғима 45.