115
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
татуласуға қадам жасаса, онысы алдымен өзіне қайырлы
болады.
4. Мұсылманды қуанту
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу
аләйһи
уә
сәлләм)
«Мұсылманның бауырын қуантқаны Аллаһты
қуантқаны іспетті»
122
дейтін хадисінің басқа бір
нұсқасында парыздарды орындаудан кейінгі ең игі
амал екені айтылған. Қолдан келер көмегі болмаса да,
адамдардың мұңына ортақтасып, жылы-жылы сөзбен
көңілін аулау - қамкөңіл кісі үшін үлкен демеу.
Жақсылық атаулы иманнан, махаббаттан бастау ала-
ды. Мейірбандық, жанашырлық, сүйіспеншілік дегендер
- ізгілік шеңберіндегі игі қасиеттер. Сүйіспеншілік жоқ
жерде немқұрайлылық, нала, ашу-ыза, өшпендіктің өрті
тұтанып, береке мен ырыс тұрақтамайды. Сондықтан
да Пайғамбарымыз өмірде ең бастысы адамдардың бір-
бірін Аллаһ үшін жақсы көруі тиіс екенін айтқан. Олай
болса, шынайы мүмин темір есіктің ар жағындағы төрт
қабырға ішінде тығылып жатпайды. Ел аралап, қабағы
салыңқы адамдардың көңілін жұбатып, шерлі көңілдерге
шаттықтың шуағын шашып жүреді.
5. Мұсылманға жылы шырай таныту,
жақсылық жасау
Мұсылмандарға жылы қабақ таныту, мейірбан
болу Аллаһ тағаланың әмірі екенін
«Мұсылмандарға
қолқанат бол»
(«Хижр» сүресі, 88-аят) деген аяттан
білеміз. Ал, Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бұл әмірді мұқият орындағанын:
«Уа, пайғамбар,
оларға жұмсақ сыңай байқаттың. Тұрпайы, қатал
122
Ажлуни. Кәшфул-Хафа 2/253.