194
Ала жіпті аттама
Қорғансыз хайуандарға аяусыз қарағандардың жазасыз
қалмайтынын мына хадистен білеміз: «Бір әйел мысықты
аштан өлгенше қамап ұстағаны үшін азапқа душар бол-
ды және сол себепті тозаққа кірді. Ол мысыққа ештеңе
ішкізіп-жегізбеді, тіпті жердегі жәндіктерді жеуіне
мұрша бермеді»
242
.
Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) бірде құс атқан
құрайыштық жасөспірімдерді кездестіреді. Олар дөп
тимеген әрбір оқ үшін құстың иесіне ақша төлеп жата-
ды. Абдуллаһ ибн Омарды (р.а.) көрген жастар бытырай
қаша жөнеледі. Ибн Омар (р.а.) оларға: «Мұны істеуге
кімнің дәті барды? Аллаһ оны қарғысқа ұшыратсын! Ра-
сында Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хайуанды тірідей
нысанаға тігіп оқ атқандарды лағынеттеген болатын»,
– деді
243
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бірде тұмсығында
ен-таңбасы бар қашырдың қасынан өтіп бара жатып:
«Мына хайуанның тұмсығына күйдіріп таңба басқанға
Аллаһтың лағынеті жаусын» дегені анық бар
244
.
Абдуллаһ ибн Мәсғудтан (р.а.) жеткен риуаят-
та былай делінген: «Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
басшылығымен жүргізілген бір жорықта едік.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дәрет сындыру үшін
әудемжерге кетті. Осыарада біз құс ұясына тап болдық та,
әлі қанаттанбаған екі балапанды қызық көріп қолымызға
алдық. Байғұс анасы балапандарын айнала ұшып шыр-
пыр болып жатқанда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үстімізден түсті де: «Мына безек қаққан құстың балапан-
242
Бұхари. Әнбия 54; Мүслим. Сәлем 151,152, Бирр 133, 134.
243
Бұхари. Зәбаин 25; Мүслим. Сайд 58,60; Тирмизи. Сайд 9; Нәсаи.
Дахая 41; Ибн Мажә. Зәбаин 10.
244
Мүслим. Либас 107; Әбу Дәуіт. Либас 52.