198
Ала жіпті аттама
келген адамдарға жаңағы заттың мөлшерінен анағұрлым
көп садақа тарату;
5. Егер арадағы нәрсе дүниелік зат болса, алынған
затты иесіне қаз-қалпында қайтару;
6. Ақысы желінген кісі мен ақының мөлшері жай-
лы төменде айтылған. Кісі ақысы жайлы сұрақтарға
мұсылман ғалымдары былай жауап берген екен:
Кісі ақысына байланысты жасалуы тиіс амалдарды
бес топқа бөліп қарастырамыз:
1) Дүниелік заттарға байланысты кісі ақысы;
2) Кісінің өзіне байланысты кісі ақысы;
3) Ар-намысына байланысты кісі ақысы;
4) Жақын туыстар арасындағы және некеге байла-
нысты кісі ақысы;
5) Дінмен байланысты кісі ақысы.
1. Дүниелік заттарға байланысты кісі
ақысы
Ұрлық, тартып алу, қулық немесе алдау арқылы мал
табу, біреудің дүниесіне зиян келтіру, және де біздің
заманымызда кеңінен етек жайған пара алу сияқты
әділетсіздік арқылы табылған дүние кісі ақысына жа-
тады.
Аллаһтың әмірлеріне құлақ аспай, осындай күнә
жасаған пенде дереу тәубе етіп, біреудің көз жасымен
қайғысының үстінен тапқан дүниесін иесіне қайтарып,
иесінен кешірім сұрауы керек. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
біреудің ақысын жеу арқылы табылған дүние
және де тілімен адамдардың намысына тию арқылы
біреудің ақысын жеу туралы былай дейді:
«Егер біреу
бауырының намысына немесе дүниесіне рұқсатсыз