Previous Page  201 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 201 / 216 Next Page
Page Background

201

Қосымша жағдайлар

2. Дүниелік емес кісі ақылары

Денеге байланысты кісі ақысы. Адам өлтіру не-

месе денесіне жарақат салып, ауыртып қою осыған

жатады. Алдымен Аллаһқа тәубе етіліп, содан кейін

жәбірленушіге немесе мұрагерлерінің шешіміне

қарай ақы төленеді. Жәбірленуші немесе мұрагерлері

қылмыскерді қоя берсе де, ақша талап етіп барып

кешірсе де, сотқа шағымданып жазалануын талап етсе

де өз еркі. Бірақ, бұл жерде жанға-жан, қанға-қан деген

үрдіске рұқсат етілмейді.

Ар-намысына нұқсан келтіру. Яғни ғайбаттау, жала

жабу, мазақ ету, балағаттау, тіл тигізу, қорлау әрекеттері.

Мұндай кезде Аллаһқа тәубе етіп, әлгі адамнан барып

кешірім сұрау керек.

Туыстарға және некеге байланысты ақылар.

Өзгелердің әйелдері, бала-шағалары мен басқа да туы-

старына жасалған қиянаттар. Бұл жағдайда Аллаһтан

кешірім сұрап тәубе ету керек.

Діни тұрғыдан кісі ақылары. Адамдардың діни

білім алуына немесе ғибадат етуіне кедергі келтіру.

Мұсылмандарға кәпір немесе пасық деу. Бұл кезде

Аллаһқа тәубе етіп, сол адамдардан барып кешірім

сұраған жөн. Хадистерде осы діни ақылар туралы мына-

лар айтылған. Егер біреу басқаға кәпір, пасық, өтірікші

деген сияқты жүйкесі сыр беретін сөздер айтса, егер бұл

сипаттар аталған адамда бар болса, айтылған сөз барып

иесін табады, ал егер бұл қасиеттер жоқ болса, онда,

әлгі сөз айтқан адамның өзіне қайтады. Айтылған сөз

ауаға сіңіп жоғалмайды. Кісі әр сөзінен жауап беретінін

ұмытпауы керек.

Бірнеше жыл бойы арам мен адалды ажыратып

жатпай, кісінің көз жасына қалып мал тауып келген