Previous Page  205 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 205 / 216 Next Page
Page Background

205

Ала жіпті аттама

Біле білген адамға кісі ақысы өте ауқымды

мәселе. Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

дәл осы

мәселеде Аллаһ тағалаға көп жалбарынғанын білеміз.

Қоштасу құтпасында Арафатта дәл осы кісі ақысының

кешірілуі үшін дұға еткен. Кісі ақысы - адамды ақыретте

тығырыққа тірейтін бірден-бір күнә. Шама келгенше,

Аллаһтың құзырына кісі ақысын арқаламай барған

жөн. Ислам ғұламасы Ибн Араби былай дейді: «Кісі

ақысына келгенде барлық мұсылмандар тең. Басшы елді

бай-кедей деп бөлмей, бәріне тең қарау керек, өйткені

Ислам - бір дене болса, мұсылмандар сол дененің

мүшелері. Адам мүшелерден құралатыны секілді Ислам

да мұсылмандардан құралады». Өздеріңіз көргендей,

кісі ақысы мұсылмандарға өте үлкен жауапкершілікті

жүктейді. Ондай болмаған жағдайда дүниеде әділет сал-

танат құрмаған болар еді.

Кітаптың негізгі мазмұны «Кісі ақысын жеуден

бойымызды аулақ ұстап, ешкімнің ала жібін атта-

май өмір сүру бір жағынан ғибадат болып есептеледі.

Ешкімнің құқығын бұзбай, басқаның да бұлай жасауы-

на шамамыз келгенше жол бермей, әділеттілік үшін өз

үлесімізді қосу баршамызға ортақ міндет. Ұлы жарату-

шы Иеміз кісі ақысына қол сұғуды, басқаларға қиянат

жасауды харам қылды» дегенге саяды. Бұл тақырыпқа

қатысты аят-хадисті топтастырып, алдымен соларды

саралып шығуды да ұмыт қалдырмадық. Неғұрлым

тереңірек бойлап, жалпылама сөзден барынша сақ

болуға тырыстық. Бүгінге дейін қазақ тілінде мұндай

еңбек жарыққа шықпағандықтан, жауапкершіліктің

үлкен екенін ескеріп, шама келгенше мол мағлұмат

беруге тырыстық. Кітапты жазу барысында «бүгінгі

мұсылманның бет-бейнесі қандай болуы керек?» деген