

203
Қосымша жағдайлар
кешіргендерді жақсы көреді. Бір жағынан адамның
кісідегі ақысын кешірер-кешірмесі де өзінің құқы.
Жаназа намазы оқылғанда имамның немесе сол
жердегі үлкендердің бірінің жұрттан қайтыс болып
жатқан адамда кеткен ақылары болса, кешірілуін сұрау -
ол адамның ұсақ-түйек әділетсіздіктеріне ғана қатысты.
Бұл қайтыс болған адамның мойнынан жеген барлық
ақылары түсіп қалды деген сөз емес.
Кісі ақысына кешірім сұрау туралы мына тоқтамға
келе аламыз. Адамдардың біреулерден жаны шығардай
болып кешірім сұрауының ширкке мүлде қатысы жоқ.
Бұл бар болғаны иман мен ақиқаттың талабы. Бірақ,
ақы иесінің ақысын қайтармастан құрғақ кешірім сұрай
салу дұрыс емес. Аллаһқа тәубе ету керек. Және де атал-
мыш кісі кешірмесе, Аллаһ та кешірмейді деп қайғыға
салынып, жаға жырту да орынсыз іс. Себебі, ақыреттегі
жай-күйіміз бір Аллаһқа ғана аян.