202
Ала жіпті аттама
адамдар бір-ақ күннің ішінде бүгіннен бастап тәубе
еттім деп, құрғақ тәубемен өздерінің ұждандарын
да, мойындарындағы ақыны да тазарта алмайды.
Айтпағымыз, күнәдан кейін тәубенің болатыны сияқты,
кісі ақысын жегеннен кейін де баяғыда алынған болса
да, мойынындағы жүктен құтылған дұрыс. Ал, баяғыда
ақысын жеген адамның разылығын қалай алады?
Зат иесінен барып кешірімін алу ақыны жеген адам
тарапынан қайтарылып немесе зат иесінің дүниеде де,
ақыретте де ештеңе талап етпей кешіруі Аллаһтың
кешіріміне себеп болатыны белгілі. Өйткені, жақсылық
жамандықты жояды («Һуд» сүресі, 115-аят). Зат иесінен
жақсылап кешірім сұраған адам мойнындағы ақыдан
құтылды деген сөз. Әйтпесе, кешірім сұрау нәтижесінде
Аллаһ кешіруге мәжбүр болады деген ой қате. Осы
кешірім сұрау нәтижесінде мейірімі шексіз Аллаһ тағала
қаласа, өзара кешірім алысқан кісі ақыларын кешірер
деген үміт бар. Ал кешірім сұраспаған кісі ақылары ту-
расында Ұлы Аллаһ ақы жеген адам мен ақы иесінің
арасында сауап-күнә алмасуы жасайтынын (ақысын
жегені үшін сауабын алып ақы иесіне беріп, сауабы жет-
песе ақы иесінің күнәларын мұның мойнына ілуі) хади-
стерде білдірген. Бұл тұтастай Аллаһтың еркінде. Күнә
жасап тәубе еткеннен, ақысын иесіне қайырып беріп
кешірім сұрағаннан бұрын сол күнәға бармаған дұрыс.
Кісі ақысын жегенде жақсылап тәубе етіп, ақысын
иесіне қайырып кешірім сұрау мұсылмандардың өзара
татулықтарының іргесі сөгілмеуіне сеп болады. Ашу мен
кектің сақталуы жеке адам мен қоғамның тыныштығына
нұқсан келтірмей қоймайды. Мұсылмандар арасындағы
татулыққа сызат түсіреді. Шама келгенше кешірімді
болған дұрыс. Өйткені, кешірімді Аллаһ тағала да