Previous Page  199 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 199 / 216 Next Page
Page Background

199

Қосымша жағдайлар

тиіссе, алтын мен күміс болмайтын қиямет-қайым кел-

мей тұрып, оның ризашылығын алсын. Олай жасамаған

жағдайда, жасаған сауаптары керегінше ақысы

желінген адамның амал дәптеріне жазылады. Сауа-

бы аздық еткен жағдайда ақысы желінген адамның

күнәлары ақысын жеген адамның амал дәптеріне жа-

зылады»

.

Біреудің ала жібін аттау арқылы табылған малда

береке болмақ түгілі, арам саналады. Соған байланысты

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Кімде-кім өзінің

меншігінде емес затты иеленбек болса, ол адам бізден

емес. Ол тозақтағы орнына дайындалсын»

деп, кісі

ақысының қаншалықты маңызды екенін айтып өткен.

Біреу арам жолмен тапқан малын заң жүзінде өз аты-

на жаздырса да, шариғат бойынша малдың адал болып

саналмайтыны сөзсіз. Шариғат ол адамнан дүниені

иесіне қайтарып, кешірімін дер кезінде сұрауды та-

лап етеді. Енді малды иесіне қайтаруға қатысты кейбір

жағдайларға тоқталайық.

а. Ақысы желінген кісі белгісіз болса

Ақысы желінген кісі белгісіз болып немесе артында

бірде-бір ұрпақ қалмаған жағдайларға кезігіп жатамыз.

Бұл жағдай екі түрлі реттеледі.

1) Жеке меншік мал. Иесі белгісіз харам мал сол

иесінің атынан кедей-кепшіктерге садақа етіледі. Бұл

кезде қолындағы кісі малын садақа еткен адам ешқандай

да сауаптан дәметпейді.

2) Ортақ мал. Малдың белгілі бір иесі болмаса,

күнәсінен тазарып кешірім алу үшін бұл харам малды

барша мұсылмандардың игілігіне жұмсалатын жерге

бергені дұрыс.