Previous Page  137 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 137 / 144 Next Page
Page Background

Жұмақтың кілті жаныңда

137

еске түсіріп, осы жанкештілікке жақсылықпен жауап

қайтарған перзенттерді о дүниеде көптеген игіліктер

күтіп тұрғаныдығын сүйіншілейді. «Лұқпан»

сүресінің 14-15 аяттарында Аллаһ тағалаға қарсылық

тудыратын мәселелерден бөлек барлық істе ата-

анамыздың пікірлеріне құрметпен қарап, олар-

мен қарым-қатынасымызда немқұрайдылыққа жол

бермеуіміз керектігі айтылады. Олар мұсылман бол-

маса да, қарым-қатынасымызды үзбей, жақсылық пен

қамқорлығымызды аямауымызды бұйырады. Олар-

ды иманға шақырғанда сыпайылықтан аспай, хазірет

Ибраһим пайғамбар секілді «әкешім», «анашым»

деп, аяулы сөздер арқылы жеткізуді бізге үйретеді.

Олардың басқаша ойлап, басқа көзқараста болуы

ешуақытта оларға дөрекілік танытып, көңілдеріне

қаяу түсіруге, көңіл бөлмей қоюға себеп еместігін ай-

тып, бізге ескерту жасайды. Міне, Аллаһ тағаланың

Құранда бізге қойған талаптары осындай.

Аллаһ тағала жоғарыда баяндалған талаптарының

жалғасын Өзінің ардақты Елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

арқылы жолдайды. Пайғамбарымыз ата-ана

ақысының маңыздылығын көптеген хадистерімен

түсіндіреді. Аллаһ тағаланың алдында ең сүйкімді

істің бірі ретінде ата-анаға жасалған жақсылық екені

баяндалады. Сонымен қатар, адам баласының ата-ана

ақысын өтеуі мүмкін еместігі, бірақ соған қарамастан

жақсылыққа қарай талпынып, олардың ақысын өтеуге

барымызды салуымызды, сонда бұл әрекетімізге қарай

Аллаһ тағаланың бізді сүйікті құлдарының қатарына

қосатынын мәлімдейді. Аллаһ елшісінің

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

хадистері арқылы біз ата-анаға жасалған

жақсылықтың реті келгенде қажылыққа да жиһадқа