134
Жұмақтың кілті жаныңда
төккен терлерінің ғана қайтарымы болмақ. Бірақ
осыған қарамастан Аллаһ тағала өзінің мейірімі мен
рақымдылығының арқасында бізге жаннатты сыйға
тарту етеді. Алайда біз құлшылығымыздың арқасында
жаннаттқа қол жеткізуіміз былай тұрсын, ішінде
көл-көсір жүзіп жүрген нығметтеріне де толығымен
шүкіршілік ете алмаймыз. Сол секілді ата-анасына
құрмет көрсетіп, ырзашылығына бөленген перзентке
де рақымдылығы бүкіл әлемді қамтыған Ұлы Жара-
тушымыз жаннатқа баратын мүмкіндікті нәсіп етті.
Яғни, біз Аллаһ тағаланың ақысын толық өтей алмасақ
та Аллаһ тағала өзінің рақымдылығымен бізді жанна-
тына қонақ ететіні секілді, ата-ананың ақысын өтеуге
талпынып, олардың ақ батасын алудың сый-сияпаты
ретінде де бізге жаннатты тарту етеді. Әйтпесе Аллаһ
тағаланың ақысы тұрғысынан да, ата-ана ақысы
тұрғысынан да жаннатқа өзіміз қол жеткіздік деп айта
алмаймыз.
Ақыретті есепке алмағанның өзінде, ата-
анамыздың біз үшін сіңірген еңбегі оларға бұл дүниеде
мейіріммен құрметпен қараудыталап етеді. Олайболса
адамгершілік тұрғысынан да біздің міндетіміз оларға
жақсылық жасап, көңілдеріне қуанышұялату. Осылай-
ша әрі олардың үмітін ақтаймыз, әрі Аллаһ тағаланың
ризашылығына қол жеткіземіз. Аллаһ тағала шексіз
рақымдылығымен біздің кішігірім талпынысымызға
таудай сый береді. Әділет тұрғысынан қарайтын
болсақ, адам баласының әке-шешесіне жасаған
жақсылықтарын марапаттаудың қажеті де жоқ. Себебі
біз оларға қарыздармыз. Өміріміздің соңына дейін осы
қарызымызды өтеуіміз керек. Алайда қарызымызды
өтеу барысында Аллаһ тағала ата-ана ақысының аяқ