Previous Page  130 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 130 / 144 Next Page
Page Background

130

Жұмақтың кілті жаныңда

мын», – деп жауап қатады бұл. Әлгі адам: «Ей, Малик!

Сенің мұнда келіуіңнің себебі не? Көрген түсің болса,

айт, біз де тыңдайық», – дейді. Малик ибн Динар:

– Түсімді айтуға ыңғайсызданамын.

– Қысылма, айта бер, – дейді әлгі адам.

Малик ибн Динар көрген түсін айна қатесіз

жеткізеді. Сонда бейтаныс адам өкіріп жылайды.

Ішіндегі мұңын шағып, басынан өткендерін баян-

дайды: «Мен араққа салынып кеткен, маскүнем едім.

Күні бойы ішкенім арақ болатын. Бір күні бөтелкелес

достарыммен ішіп, удай мас күйімде үйге қарай

бет алдым. Аулаға кіріп келе жатқанда нан пісіру

үшін тандырдың отын тұтатып жатқан анамды көріп

қалдым. Теңселіп келе жатқанымды көрген анам:

«Бүгін шағбан айының соңғы күні, ертең ораза баста-

лады. Адамдардың бәрі бүгін ауыз бекітіп жатқанда,

арақ сасыған ауызыңмен оразаны қарсы алмақпысың?

Құдайдан қорықпайсың ба?», – деп қабағын шытты.

Анамның дүрсе қойғанына шыдай алмай, оны ұрып

жібердім. Анам күйінген күйде: «Аллаһ сазайыңды

тартқызсын!», – деді. Мына сөзді естігенде қаным ба-

сыма теуіп, арақтың күшімен оны тандырдың ішіне

итеріп жібердім. Жұбайым жүгіріп келіп, мені үйге

сүйрелеп, есікті сыртымнан жауып қойды. Таңертең

тұрғанымда мастығым тарқап қалыпты. Есікті ашу

үшін әйелімді шақырдым. Әйелім маған ауыр-ауыр

сөздер айтты. «Сен не деп тұрсың? Осыншалық ауыр

сөздер айтатындай не болып қалды?», – деп сұрадым.

Ол: «Сен жылы сөзге лайық емессің!», – дегенде,

«Неліктен?» – деп сұрадым. Әйелім бұл сұрағыма

өмірімдегі ең азапты хабармен жауап берді: «Себебі

сен анаңды тандырға лақтырдың. Анаң тандырда күл