Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
129
және үмра жасаушылар жайында білгісі келеді. Аллаһ
тағала олардың амалдарын қабыл етіп, үлкенді-кішілі
күнәларын кешірді. Тек қана араларында Аллаһ
тағаланың азабы басына төніп тұрған бір адам бар,
оның қажылығы қабыл болмай, құлшылығы өзіне кері
қайтарылады», – деген дауыс естиді. Оянып кеткен
Малик ибн Динар қажылығы қабыл болмаған адам мен
емес пе екенмін деп таңға дейін дөңбекшіп шығады.
Ертесіне тағы түс көреді. Түсінде: «Қажылығы қабыл
болмаған адам сен емессің. Ол Хорасан аймағындағы
Бәлх қаласынан келген Мұхаммед ибн Харун деген
адам», – деген дауысты естиді.
Таң атар-атпас Хорасан аймағынан келген
қажылар орналасқан жерге келеді. Олардың арасын-
да Мұхаммед ибн Харун есімінде адамның бар-жоғын
сұрайды. Хорасандықтар: «Ол ма? Ол өте ерекше адам.
Хорасанда одан асқан тақуа жан жоқ. Арамызда ең көп
Құран оқитын адам сол», – деп жауап береді. Әлгі кісі
жайлы адамдардың осынша ыстық ықыласын етіген
Малик ибн Динар ішінен: «Бұл кісі соншалық тақуа,
діндар болса, неліктен Аллаһ тағаланың қаһарына
ілікті екен?» – деп ойлайды да, Хорасандықтардан
сол кісінің қайда тұрып жатқанын сұрайды. Олар:
«Ол қырық жыл болды күндіз ораза ұстап, түнін
құлшылықпен өткізеді. Үнемі дәруіш секілді қаланың
сыртындағы ескі қорғандарды мекендейді. Оны осы
Меккенің ескі қорғандарынан табарсың», – деп жөн
сілтейді.
Малик ибн Динар ескі қорғандарды аралай бастай-
ды. Бір кезде дуалдың артында тұрған кісіні көреді.
Әлгі кісіге жақындай түскенде, аяқ сыбдырын естіген
ол: «Сен кімсің?» – деп сұрайды. «Малик ибн Динар-