Previous Page  131 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

131

болып жанды. Сен анаңның түбіне жеттің.» Сыртқа

жүгіріп шығып, тандырға қарадым. Анам жанып

күлі ғана қалыпты. Көзім қарауытып, өмірім астаң-

кестен болды. Жантүршігерлік қылмыс жасадым. Со-

дан бері сол күнәмді қалай жусам болады деп ойла-

нумен болдым. Қолымдағы барымның бәрін Аллаһ

жолына садақа деп тараттым. Үйімде ұстап отырған

құлдарымды құлдықтан босаттым. Қырық жыл бол-

ды күндіз ораза ұстап, түнде құлшылық жасаумен

күндерімді өткізіп жатырмын. Жыл сайын қажылыққа

келемін. Жылда сен секілді Хақ жолындағы бір адам

мен жайлы түс көреді».

Әлгі адам басынан кешкендерін баяндап

болғанда Малик ибн Динар: «Ей, бейбақ сорлы!

Сенің жасаған күнәң осы дүниедегінің бәрін өртеп,

күл ететіндей қандай қорқынышты, қандай ауыр

қылмыс!» – дейді де, теріс бұрылады. Малик ибн

Динар кетіп бара жатқанда әлгі адамның бар жан-

тәнімен Аллаһқа жалбарынғанын естиді: «Ей, барлық

қайғы-мұңымызды шайып, жанымызды жадыратқан,

қысылған шақтарда дұғаларымызға жауап беріп,

бізді желеп-жебеген Жаббар Ием! Азабыңнан қашып,

ризашылығыңды үміт етемін. Қаһарыңнан қашып,

мейіріміңді пана тұтамын. Тілектерімді қабыл ал.

Мені қайғы-мұңға батырма». Көз жасына булыққан

байғұс адамның ары қарай даусы шықпай, иығы

селкілдеп қоя береді.

Малик ибн Динар сол түні тағы да түс көреді.

Түсінде: «Ей, Малик! Адамдарға Аллаһ тағаланың

мейірімін медет тұтуына кедергі болма. Аллаһ тағала-

ның кешірімділігін ойлап, кеуделерінде үміт оты

тұтансын. Себебі Аллаһ Мұхаммед ибн Харунның