Жұмақтың кілті жаныңда
135
астында тапталмауы үшін, әрі осы екі қастерлі жан-
ды алақанымызға салып аялауымыз үшін олардың
ризашылығына бөленгендерді жаннаттың орта
есігінен кіргізіп, мәңгілік пейішінде қонақ ететінін
сүйіншілейді.
Аллаһ тағаланың адамзат ретінде жаратқанының
өзі біз үшін мерейі үстем бақыт. Ол материалдық
әлемдегі күллі жараталыста жоқ ақыл, сезім, ерік-
жігер және сана секілді құнды қазыналарды бізге тар-
ту етті. Жарық дүниеге көзімізді ашқан сәттен бастап
мейірімді жандарды бізге қамқоршы етті. Солардың
жанашырлығымен әлсіздігімізді байқатпады. Қинала
қалсақ, көмегімізге жүгіртті. Басқа жан-жануарлар
ата-енесінен қысқа уақыттан кейін-ақ бөлініп кетіп
жатса, біздің ата-анамызбен байланысымызды
мәңгілікке жалғады. Жан-жануарлар төлдерін өмірге
әкелгеннен кейін төлі бойына қуат жинай салысымен-
ақ оны табиғат аясында жалғыз қалдырып кетіп жат-
са, адам баласы перзентін өле-өлгенше уайымдап,
сол үшін қам жейді. Тіпті о дүниеге аттанып кет-
се де перзентімен арасындағы байланыс үзілмейді.
Сондықтан Аллаһ тағала ата-ана мен бала арасындағы
байланысқа ерекше мән береді. Ата-ананың ақысын
Өзінің ақысынан кейінгі орынға қояды. Алдымен
Маған иман етіңдер, сосын ата-аналарыңды тәрк ет-
пей, оларға қандай жағдайда болмасын медет болып,
қамқорлық көрсетіңдер, құрметтен кенде қылмаңдар
дейді. Ата-анаға бейне бір Аллаһ тағаланың бақылауы
мен тексеруінен өтіп жатқандай жауапкершілікпен
қарауды талап етеді.
Қарттықтың меһнатты сүрлеуіне түскен ата-
анамыздың
материалдық-рухани
қажеттілігін