

Жұмақтың кілті жаныңда
138
да тең келетінін үйренеміз. Олардың напақасын тау-
ып, қамқорлық көрсетуіміз Аллаһ тағаланың жолында
жүргендігіміздің белгісі екенін түсінеміз. Көңілімізді
күпті етіп, ар-ожданымызды жегі құрттай кемірген
күнәларымызды жоюдың ең оңтайлы жолдарының
бірі ата-анаға жақсылық деген мәліметті аламыз.
Шаңырағымыздың уықтарын осы айтылған аят
пен хадистермен бекітсек, отбасымыздың бақыттың
бесігін тербетері хақ. Мұндай шаңырақта әрдайым
құрмет пен жақсылық, оң бата мен ізгі тілек салтанат
құрады. Аллаһ тағала бұл шаңырақты өз қорғанына
алып, періштелерін қайран қалдырады. Ал жамандық
пен пәләкеттің жолын бақ пен береке кес-кестейді.
Ендеше, қадірменді оқырман, Ұлы Жаратушы Иеміз
баршамызға осындай құт дарыған игі шаңырақ нәсіп
етсін, әмин!