Жұмақтың кілті жаныңда
136
қамтамасыз ету – перзенттік борышымыздың бір
бөлігі. Кәрілік пен жалғыздықтан туындаған қайғы-
мұңның орнын оларға деген қызметімізбен тол-
тырамыз. Олармен тілдесу барысында «үһ» деген
сөзді де ауызға алмай, осы және осы тектес сөздерді
сөздік қорымыздан біржола шығарып тастаймыз.
Оларға дауыс көтермей, керісінше жанға жайлы
сөздермен тіл қатамыз. Көгершіннің жүрегінен де
нәзік көңілдеріне қаяу түсірмей, оларға барынша
кішіпейілдік танытамыз. Осы кішіпейілділік бары-
сында олардың табандарының астындағы жаннаттан
ескен самал желді көңілімізде сезінгендей боламыз.
Шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап олардың біз
үшін тартқан бейнетіне өтем ретінде хазрет Ибраһим
пайғамбар жасаған дұғаны қайталап: «Уа, Раббым!
Мені, анамды, әкемді және барлық мұсылмандарды
қиямет күнінде кешіре гөр»,– дейміз.
Аталмыш тақырыптың Құран Кәрімде айрықша
баян етілгеніне тоқталып өттік. Мәселен «Исра»
сүресінде ата-ана ақысы арнайы сөз етілсе, «Ниса»
сүресінің 36-аятында ата-анаға деген құрмет
пенденің мойнына жүктелген он міндеттің ішінде
атап көрсетіледі. Ал, «Әнғам» сүресінің 151-аятында
Жаратқанға серік қосу ең үлкен күнә екендігі
айтылғаннан кейін бірден ата-анаға жақсылық жа-
сау әмір етілген. «Бақара» сүресінің 83-аятында ата-
анаға құрмет пен жақсы қарым-қатынаста болудың
тек қана Мұхаммед пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үмбетіне ғана емес, сонымен қатар хазірет Жақып
пайғамбардың ұрпағына да парыз болғанын баяндай-
ды. «Ахқаф» сүресінің 15-16-аяттарында адам баласы-
на ата-анасының ол үшін жасаған жанкештіліктерін