133
Сөз соңы
«Отбасы – қоғамның іргетасы. Оның мүшелері
бір-бірінің ақысы мен құқықтарына қаншалықты
құрметпен қараса, қоғам да соншалықты берік
болмақ. Отбасы мейірім мен құрметтен мақұрым бол-
са, қоғамнан мұндай ізгі қасиеттерді іздеп әбігерге
түсудің қажеті жоқ!..»
139
.Иә, отбасы ─ мейірім мен
құрметтің алтын бесігі. Сонымен қоса, отбасы ─
тәрбиенің, өзара мейірім мен қамқорлықтың, өмір
мектебінің қасиетті мекені.
Перзенттің материалдық һәм рухани дамуында
басты рөл атқаратын жандар – оның ата-анасы. Олар
әрдайым өздерін екінші қатарға ығыстырып, перзентін
бірінші орынға шығарады. Ешуақытта «болашақта
жемісін көрерміз», – деп бас пайдаларын көздеместен,
соңғы демі біткеше риясыздықпен баласының қамын
ойлайды.
Бізді жоқтан бар еткен ЖаратушыЖаббар Иемізге
қанша шүкіршілік айтсақ та артықтық етпейтін болса,
сол секілді бізге ұлан-ғайыр еңбегі сіңген ата-ананың
ақысын өтеу де әсте мүмкін емес. Аллаһ тағалаға
құлшылық еткенде біз өміріміздің соңына дейін
алатын нығметтеріміз үшін емес, тек осы уақытқа
дейін алған нығметтіріміз үшін шүкіршілігімізді
білдіріп, құлшылық етеміз. Ата-анамыз үшін жасаған
жақсылықтарымыз да, өміріміздің соңына дейін біз
үшін жасаған жақсылықтары емес, бүгінге дейін
139
Гүлен Фетхуллаһ. Өлчі вея йолдаки ышыклар. 143-бет.