128
Жұмақтың кілті жаныңда
Анасының жүрегін жаралап ренжіткен, соңғы
демін берерде тілі кәлимаға келмеген адам үшін
Пайғамбарамыздың өзі де бір анадай мейірленіп, оның
арғы дүниеге иманды болып аттануы үшін құрақ
ұшып, бар жанын салып бақты. Пайғамбарымыздың
кезінде болған бұл оқиға ата-анасына дұрыс
қарамай ренжіткендердің дұғаларының қабыл
болмайтындығына және осы дүниенің өзінде азап
тартатындығына өшпес үлгі.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде
әрбір адамның жасаған амалдарының жұма күні түнде
Аллаһтағалағабаяндалатынын,бірақтуысқандарымен
қатынасын үзгендердің амалдарын Аллаһ тағаланың
қабыл етпейтінін айтады
138
.
Яғни ата-анасын ренжіткен, олардың үйіне ат ба-
сын бұрмай, туысқандарымен қарым-қатынасын үзген
адамдар жақсы амал жасап жатырмыз деп өздерін ал-
дауы мүмкін. Бірақ шындығында жақсы амалдарымен
қоса немқұрайдылықпен қарауға болмайтын тағы бір
іс бар. Ол – ата-ана ақысын өтеу, туысқандарымен
қарым-қатынасын үзбеу.
Малик ибн Динар қажылық кезінде Мекке-
ге келеді. Қағбаны тауап етіп жүргенде сол жылғы
қажылар мен үмра жасаушылардың санының көптігіне
қайран қалады. Сол сәтте: «Осы міндеттерін өтеуге
келгендердің ішінде ниеттері қабыл болғандардың
есімдерін біліп, оларды барып құттықтасам ғой,
шіркін! Ал қажылығы қабыл болмаған адамдарды
жұбатып, насихат айтсам», – деген ой келеді. Сол
түні түс көреді. Түсінде: «Малик ибн Динар қажылық
138
Ахмед ибн Ханбәл. әл-Муснәд. II, 483-бет.