Previous Page  123 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 144 Next Page
Page Background

Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері

123

адамдар арасын біріктіру болу керек. Қырып-жою,

ұрсысу, жекіру – тіршіліктің сәнін кетіреді. Олай бол-

са, жекірмей, балағаттамай, үнемі ізгіліктің нышаны

ретінде жағымды нәрселерді ойлап, жанды жадыра-

тар жақсылық жасауға талпыну керек.

Ата-анаға қарсы келгендерге жаннаттың

қақпасы жабық

Пайғамбарымыздың туысы әрі Одан

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

алпыс хадисті естіп, өзінен кейінгілерге жеткізген

Әбу Мухаммед Жубәйр ибн Мутим:

«Туысымен қатынасын үзген адам – жаннатқа

кіре алмайды»

132

, – деген хадисін жеткізеді.

Жүрегінде зәредей иманы бар адам, ақыр-соңында

жаннатқа кіреді. Алайда туысқандарымен байланы-

сын үзілді-кесілді үзіп, туыстарын ұмытқан адам осы

әрекетіне қарай ақыретте жазаға тартылады. Ал егер

осы әрекетінің харам екенін біле тұра мойындамаса,

онда мәңгілік құрдымға кетуі мүмкін. Себебі харам

екені нақты айтылған мәселені мойындамай, қарсы

шығу Аллаһ тағалаға қарсы шығумен бірдей. Бұл

кешірілмейтін күнәлардың қатарына еніп, адамның

тозақта мәңгі қалуына себеп болады.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір хадисінде

Аллаһ тағаланың кейбір құлдарын жаннатқа алмай-

тынын айтқан. Бұл адамдар:

«Ата-анасының құқығын

аяқ асты етіп, оларға зұлымдық көрсеткендер,

ішкілікке салынған маскүнемдер және жасаған әрбір

жақсылығын міндетсінгендер»

133

.

132

Бухари. Әдәб. 11; Муслим. Бирр. 18; 19.

133

Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. III, 44-бет; әл-Бәйхаки. әс-

Сунәнул-Кубра. VIII, 288-бет.