Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
119
сай алмаған адам басқаларын қалай қарық қылсын?
Өзін осы дүниеге әкелген, әлсіз күндерінде қолынан
жетектеп өзі жемей жегізген, өзі кимей кигізген
екі жанды қадірлей алмаған адам алдағы уақытта
басқа адамдарға одан бетерін жасаудан тайынбайды.
Мұндай баланың халық үшін тигізер пайдасы жоқ.
Керісінше кесірі тиеді.
Үлкен күнәлар жайлы тағы бір хадисінде
Аллаһтың ардақты Елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Үлкен
күнәлар мыналар: Аллаһ тағалаға серік қосу, ата-
анаға қарсы шығу, жазықсыздан-жазықсыз адам
өлтіру, өтірік ант-су ішу»
125
, – деп ескерткен бола-
тын. Бұл хадисте де көріп отырғанымыздай үлкен
күнәлар аталғанда Аллаһ тағалаға серік қосу мен
ата-анаға қарсы келу алдымен айтылады. Сосын ба-
рып жазықсыздан адам өлтіру мен өтірік ант-су ішу
баяндалады. Ал Құран Кәрімде Аллаһ тағаланың
баяндағанындай жазықсыздан жазықсыз адам өлтіру
– бүкіл адамзатты өлтірумен бірдей саналатын ауыр
күнә
126
. Себебі, адамға жан беретін де, оны кері
алатын да – Аллаһ тағала. Адам баласы – Аллаһ
тағаланың өнер туындыларының ішіндегі ең қастерлі
де қымбаттысы. Аллаһ тағаланың осындай қымбат
өнер туындысының көзін жоюға ешкімнің ақысы жоқ.
Ондай күш-қуат тек қана Аллаһ тағаланың қолында.
Өтірік ант-су ішу де өтірік айту мен өтірік
куәгерлік беру секілді үлкен күнә. Мұндай ант адамды
алдымен күнә батпағына батырып, артынан тозаққа
қарай сүйрейді. Сол үшін мұндай антты адамды
125
Бухари. Әйман уән-Нузур. 16; Дият. 2; Муртәддин. 1; Нәсаи.
Тахрим. 3; Қасамә. 48.
126
« Маидә» сүресі, 32-аят.