Previous Page  116 / 144 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 144 Next Page
Page Background

116

Жұмақтың кілті жаныңда

луы олардың ақысының маңыздылығын білдіретінін

айтып өткен едік. Аяттар мен хадистерден

көргеніміздей ата-ана ақысын аяқ асты ету, олардың

көңіліне кірбің түсіру өте үлкен қылмыс әрі күнә.

Ата-анасының ризашылығына бөленгендер жаннатқа

жол тартады. Ал оларға зұлымдық жасап, ақысын аяқ

асты еткендер жаннаттың хош иісі, мейлі бұл мың

жылдық қашықтықтан сезілетін жұпар иіс болса да,

мұрындарына бармайды

120

.

Ата-ана және туыстармен қарым-қатынасты

үзу – мұнафықтың сипаты

Құран Кәрімде Аллаһ тағала былай дейді:

«Ей,

мұнафықтар, егер сендердің қолдарыңа билік тисе,

елде қырғын шығарып, тәртіпті бұзып, туысқандар-

мен қарым-қатынасты аяқ асты етесіңдер. Міне,

бұлар – Аллаһ тағаланың лағнетіне ұшырап құлақ-

тары саңырау, көздері соқыр болған адамдар»

121

.

Аятта айтылғандай мұнафықтардың (екіжүз-

ділердің) ең басты ерекшелігі қолдарына билік тиген-

де адамдарды татуластыру, пайдаларына жарау емес,

керісінше қырып-жою, бүлік шығару. Олар халықты

басқаратын болса әділет аяқ астында тапталып,

зұлымдық кең етек жайып, жәбірленушінің мұң-зары

көктің қақпасына дейін жетеді. Мұнафықтардың осы

ерекшеліктерімен қатар туыстармен қатынасты үзу,

олардыңжағдайынанбейхабар,мұң-мұқтаждықтарына

сүйеу болудың орнына ат тонын ала қашу секілді

қасиеттері бар. Олар туысқандардың арасын бұзып,

120

әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Әусат. VI, 18-бет; әл-Мунзири. әт-

Тәрғиб уәт-Тәрхиб. III, 67-бет.

121

« Мухаммед» сүресі, 22-аят.