Баланың ата-ананың алдындағы міндеттері
111
Хадистегі «жаннатқа кіре алмайды» деген сөз ол
адамның ешқашан жаннатқа кірмейтінін білдірмейді.
Дегенмен алғаш жаннатқа кірушілердің санатынан
бола алмайды, Аллаһ тағаланың берген жазасын
өтегеннен кейін ғана жаннатқа кіре алады деп түсінген
жөн.
Өкінішке қарай, біз көбінесе тек қана өзімізге кел-
ген адамдардың үйіне барып, біздің жағдайымызды
сұраған адамның ғана жағдайын сұраймыз. Ал нағыз
силатур-рахм дегеніміз бізге ат ізін салмаған туыс-
тарға өзіміз барып, бізбен қатынасын үзгендерімен
өзіміз байланыс құрып, осы әдетті әрдайым
жалғастыруымыз. Үйімізге келіп-кеткен туыстарға
біздің де баруымыз силатур-рахм емес, олардың
инабаттылығына әдептілікпен жауап беру деген сөз.
Сондықтан хабар-ошарсыз кеткен туыстарымыз-
ды өзіміз іздеп, хал-жағдайларын білуіміз, арадағы
туысқандық байланысымызды нығайтуымыз керек.
Себебі Пайғамбарымыз бізге осыны өсиет еткен.
Ата-ананың қабіріне барып тұру
Ата-анамыз қайтыс болғаннан кейінгі ақысы –
жиі-жиі қабірлерінің басына бару. Кез-келген жерде
біз оларға Құран оқып бағыштап, дұға арнай аламыз.
Дегенмен қабірлерінің басына бару олар үшін де, біз
үшін де үлкен ізгілік. Себебі Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
: «Қабірлердің басына барыңдар. Қабір сен-
дерге өлімді еске түсіреді»
114
, – деген. Қабірлердің
басына бару – бізге де қабірге кіретінімізді еске са-
лып, етек-жеңімізді жиюға, ішкі жан дүние мен ой-
пікірімізді електен өткізуге жол ашады әрі баратын
114
Муслим. Жәнайз. 105; Ибн Мажә. Жәнайз. 47.